Үкіметтік комиссия құрылды: Ералы Тоғжанов Маңғыстауға барады

04.01.2022 02:46

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: gbstu.kz

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Комиссияны Е. Тоғжанов басқарады. Ертең таңертең ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов, ҚР энергетика министрі М.М. Мырзағалиев және Бсәкелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С.М.Жұманғарин Ақтауға ұшады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкімет комиссиясы құрылған болатын.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды.    

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.