Қанат Таймерденов: Қазақстан полициясы күнін халықпен бірге атап өтеміз

Ол қандай мерекелік іс-шаралар өткізілетінін айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирде «Қазақстан Полициясы күні» мерекесімен бүкіл әріптесі мен Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция департаментінің басшысы құттықтау сөзінде мерекенің жалпы халықтық сипатта болатынын айтып, қандай мерекелік іс-шаралар өткізілетінін айтып берді.

«Ертең 23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Алдымен өз әріптестерімді, ардагерлерді, олардың отбасыларын осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Екіншіден, қазіргі кездегі әлемдік пандемия, қатерлі індетке байланысты мерекелік іс-шаралар шектелген. Алайда оған қарамастан жыл сайынғы құттықтау марапаты өткізіледі. Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша 32 полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапқан. Оның 21-і қылмыс ашу кезінде қаһармандық жасап, ерлікпен қаза тапқандар. Осы батыр қызметкерлеріміздің отбасыын мерекемен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, ардагерлерімізді зейнетке шығарып, құрмет көрсетеміз. Арнайы сыйақылар тағайындап, министрдің құттықтау іс-шаралары жасалады. Қызмет бабында еңбек етіп, атқарған қызметтері үшін дәрежелік атақтар беріп, деңгейлік сатыларын көтеру шарасын ұйымдастырамыз. Аудандарға барып, жас мамандардан ант қабылдау рәсімін өткізіп, ардагерлерімізді құттықтаймыз. Мерекелік кезеңдерге орай спорттық, тауға шығу, демалу шараларын ұйымдастырып жатырмыз. Полицияның да осы қоғамның бір бөлшегі ретінде халықпен етене жақын болуына мүмкіндік жасаймыз. Жалпы осы мерекені халықпен бірге атап өтеміз», ‒ деді Қанат Таймерденов.

Новости партнеров