ТЖ кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі

Сурет: Алихан Сариев
Сурет: Алихан Сариев
Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін табысынан айырылған азаматтарға несиелік өсімақы қосылмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін табысынан айырылған азаматтарға несиелік өсімақы қосылмайды. Оның қатарына екінші  деңгейлі банктерден, микроқаржы ұйымдарынан, онлайн несие рәсімдеуден берілген қарыздар кіреді. Бұл туралы еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан Бидайбек мәлімдеді. Оның сөзінше, әлеуметтік осал топтарға арналған атаулы көмекке жұмыссыз деп тіркелмеген азаматтар да еш қиындықсыз  қол жеткізе алады. Ал қалған жеке тұлғалар қаржылық жағдайы қиындағаны туралы арыз жазуы керек.

«Қаулыда кәсіпкерлік субьектілерінің қаржылық деңгейінің нашарлауына жол бермеуге бағытталған шаралар көзделді. Атап айтқанда, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде екінші деңгейлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың, онлайн кредиттеу компаниялардың жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға банк қарыз және микрокрдеит шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдерді кешіктіргені бойынша айыппұлдар мен өсімпұл есептелмейді. Екінші негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемді кешіктіру күнтізбелік 90 күн өткен қарыздары бойынша сыйақы есептелмейтіні белгіленді», – деді  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік реттеу департаменті басшысының орынбасары Нұржан БИДАЙБЕК.

Сондай-ақ, елімізде шағын және орта бизнес өкілдеріне тиімді шарттармен несие беретін бағдарлама жасалды. Жобаны жүзеге асырауға 600 миллиард теңге қажет. Сонда төтенше жағдай кезінде қаржылай көмексіз қалғандар 8 пайызбен бір жылға несие ала алады.

Новости партнеров