19 жастағы Данияр Байбулаев көпшіліктің көмегіне зәру. Оның туғаннан жүрегінде ақауы бар екен. Денсаулығы күн санап нашарлаған жас жігітке қазір донор іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның өміріне араша түсуге бас қаламыздың дәрігерлері келісіп отыр. Данияр операциядан кейінгі оңалту шараларына қаражат қажет дейді.
19 жастағы Данияр Байбулаев жүрегіндегі ақау 6 жасынан сыр бере бастағанын айтады. Тұмау болып ауырып, ол кейіннен асқынып кеткен. Тіпті жүріп-тұруы қиындаған. Кейін бірден жан сақтау бөліміне алып кеткен.
«Екі ай ауруханада жатып емделдім. Балалық шағымның көп уақытын емдеу мекемесінде өткіздім. Алғашқы ота 2013 жылы жасалды. Мехникалық жүрек қақпашасын орнатты. Бұл операцияға дейін халім өте мүшкіл болды», - деді науқас Данияр БАЙБУЛАЕВ.
13 жасында салмағы бар болғаны 23 келіні құрапты. Данияр тіпті ас та іше алмай, ұйықтай алмай қалғанын айтады. Тек оттегі баллоны арқылы тыныстапты. Нұр-Сұлтандық дәрігерлер жас жігітке көмектесуге дайын. Операция жасағанға квота да бөліп қойған. Тек қазір донор іздестіріліп жатыр. Алайда кезекте тұрғанына 3 жыл болыпты.
«Донор табылғанда кез келген уақытта шақырып қалуы мүмкін. Маған оңалту шараларына қаржы керек болып жатыр. Өзім Алматыда тұрамын. Ал емделуге Нұр-Сұлтан қаласына баруым керек. Жиналған қаражатты бас қалада пәтер жалдап тұру сынды басқа да шығындарға жұмсаймын», - деді Данияр БАЙБУЛАЕВ.
Данияр жомарт жандардан 3 миллион 800 мың теңге көмек сұрайды. Қарапайым отбасыда мұндай қаражат жинауға қалтасы көтермейді. Науқасқа көмек қоламын созамын деушілер үшін есепшот нөмірін назараларыңызға ұсынамыз.
Перизат Көмекбайқызы, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы