Марқұм болғандардың 11-і – қатардағы сарбаз
Елімізде соңғы кездері әскери бөлімдерде әлімжеттіктің кесірінен сарбаздардың мүгедек болып, тіпті тірі қайтпай жататын жәйттер жиіліп кетті. Ресми дерекке сүйенсек, 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болыпты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі , inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты.
«Ұлттық ұлан қатарында соңғы 3 жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қайтыс болса, оның 11-і – қатардағы сарбаз. Қалғаны – офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. 2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды. Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарған. Негізгі себебі – демалыс кезінде немесе қызметтен бос уақытында өз көлігінде не жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасында қаза болуы», – деді Қ. Үмбетов.
Бас қолбасшы орынбасарының дерегінше, жоғарыда аталған мерзімде 29 қызметі науқастанып өмірден озған. Олардың ішінде 4 сарбаз бар. Мұнан бөлек, тағы бір әскери қызметші үйінде тоқ соғып мерт болған. Биыл отбасымен демалыста болған келесі әскери қызметші суға батып кеткен.
Оқи отырыңыз: Баламды қасақана өлтіруі мүмкін: Маңғыстауда көз жұмған сарбаздың әкесі әділ тергеуді талап етіп отыр