1 қарашадан бастап мекен-жай анықтамасы қажет емес

25.10.2019 02:53

Алайда аталған жаңашылдықты азаматтарға жіті түсіндіру керек

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауыенша, 1 қарашадан бастап «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі алынып тасталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыған орай мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары және білім беру мекемелері өзгеріс кезінде тәуекелдердің алдын алу қажет. Сонымен қатар, аталған жаңашылдықты азаматтарға жіті түсіндіру керек. Егер мекенжай туралы мәліметтер жеке компанияға қажет болған жағдайда, олар «Электрондық үкімет» порталындағы «Үшінші тұлғаларға анықтамаларды алу» қызметі арқылы алуына болады