Оралда мектеп мұғалімі туберкулездің ашық түрімен ауырған

11.07.2019 02:55

А. есімді мұғаліммен 16 қызметкер, 74 оқушы, ал отбасынан 3 адам қарым-қатынас жасаған

Оралда мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түрімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға №47 орта мектепте тіркелген.

26 маусым күні аталған мектептің математика пәні мұғалімінің қос өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулез БК+ ауруына (ашық түрімен) шалдыққаны жөнінде басқармаға жедел хабарлама түскен. Осыған орай санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу шаралары қолға алынды. Мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

А. есімді мұғаліммен 16 қызметкер және 74 оқушы, ал отбасынан 3 адамның қарым-қатынас жасағаны анықталды.

Қазіргі кезде барлық мұғалім мен отбасы мүшелері, оқушылар тексеруден өтуде.