Нұрсұлтан Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден төлеуді тапсырды

Нұрсұлтан Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден төлеуді тапсырды
Бұл туралы «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың Бауыржан Байбекпен кездесуі барысында белгілі болды,
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден төлеуді тапсырды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың Бауыржан Байбекпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыларға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдерді ұйымдастыруды тапсырды.

Коронавирус пандемиясына байланысты Елбасы  «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Almaty Birgemiz» қорынан қаламыздың 52 мыңнан астам мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден материалдық көмек бөлінді. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау мақсатында 40 мың аз қамтылған қала тұрғындары 2 млн маска мен жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілді.

Новости партнеров