Атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі

03.08.2022 в 02:59

Алматыда жыл соңына дейін 28 мыңнан астам жан АӘК алады

Almaty.tv

Биыл 20 мыңнан астам алматылық атаулы әлеуметтік көмек алған. Нақтылай кетсек, бұл қатарда 4 233 отбасы бар. Ақпаратты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көпбалалы ана Бақыткүл Ермағамбетова атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылдан бері алып келеді. Бүгінде ол тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

«АӘК бізге тиімділігі жағы 3 жастан 6 жасқа дейін балаларға КӘП алымыз. Азық-түлік, оқушыларға мектеп формасын беріп, көмектеседі. Кішкене жағдайымызды жасап алдық десекте болады. Аллаға шүкір! Баспаналы болсақ, Алладан үмітімізді үзбейміз», – деді көпбалалы ана Бақыткүл Ермағамбетова.

АӘК алу үшінай сайын жан басына шаққандағы орташа айлық табыс 31 928 теңге болуы керек. Ал еңбекке қабілетті азаматтар жұмыспен қамтуға арналған іс-шараға міндетті түрде қатысуы керек.

«Халықтың осал топтары болады. Қиын өмірлік жағдайға тап болғанда басқарма тарапынан түрлі көмек көрсетіледі. 18 түрлі төлем бар. Аз қамтылған отбасы, мүгедектігі бар азаматтар, зейнет жасындағы азаматтар, соғыс  ардагерлеріне тоқсан, ай, жыл сайын көрсетілетін көмектің түрлері бар», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Сондай-ақ АӘК кедейшілік деңгейінен табысы төмен кез келген адамға беріледі. Ал, жауаптылар жыл соңына дейін 28 мыңнан астам жанға көмектесуді жоспарлап отыр.

Қасымхан Талғатұлы, Санжар Ерік, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы