Алматыда Қарттар күнін мерекелеу бір айға дейін жалғасады

03.10.2020 в 03:00

Әуезов ауданының ардагерлерлеріне ерекше құрмет көрсетілді

Қала аумағында қарттар күнін мерекелеу бір айға дейін жалғасады. Әуезов ауданының ардагерлерлеріне ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар өз араларында түрлі спорт түрлерінен бақ сынасып, марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – қариялардың көңілін көтеріп, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету. Бүгінде ауданда 46 мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Олардың барлығына қазір кезекті әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр.

«Оның ішінде көктемдегі қиналған сәттерде зейнетақысы өте төмен 600-ден аса зейнеткерге азық-түлік көмектері берілді. Сонымен бірге аудандағы 39 соғыс ардагеріне көмек беріліп, тыл еңбеккерлеріне азық-түлік көмектері берілді», – деді Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім маманы Айгүл Сансызбаева.

Қазір ауданда зейнеткерлерге арналған 2 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істеп тұр. Онда психологиялық көмектен өзге бірнеше үйірме жұмыс істейді. Тіпті компьютерлік курстар да бар екен.

«Орталыққа келіп жүргеніме 1 жылдан асты. Өзімді және денсаулығымды жақсы сезінемін. Біз мұнда түрлі жаттығулар жасап, үйірмелерге қатысып жаңа қырымызды ашып жатырмыз десек те болады. Мұндай орталықтың зейнеткерлер үшін пайдасы көп. Басқа замандастарыма осында келуге кеңес беремін», – деді зейнеткер Мәрия Садыққызы.