Елімізде жұмыс іздеу мәселесі жеңілдеді

24.02.2021 03:00

Шаһардағы жұмыссыздық санын азайту үшін жұмыспен қамту орталығы ай сайын инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіп, халықты толғандырған сұрақтарға жауап береді

Алматыда жұмыс іздеу мәселесі жеңіл. Жұмысқа орналасқысы келетін кез-келген азамат enbek.kz және egov.kz порталдарына кіріп, түйіндемесін орналастыра алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кейін оған 3 жұмыс күні ішінде түрлі вакансиялар жіберіледі. Егер бір де біреуі көңілінен шықпаса, тұлға ресми түрде жұмыссыз болып тіркеледі. Айта кетейік, жұмыссыздар қатарына ресми жұмыс орны мен кірісі жоқ азаматтар жатады. Шаһардағы жұмыссыздық санын азайту үшін жұмыспен қамту орталығы ай сайын инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіп, халықты толғандырған сұрақтарға жауап береді. Бұл – пандемия кезінде тұрғындарға сауатты түрде ақпараттандырып, қолжетімді кеңес өткізуге бағытталған шара дейді мамандар. 

«Көбісі келе алмай, сұрақтар қояды. Біздің әлеуметтік желілерге де түсіп жатыр сұрақтар. Сол сұрақтарға бір жауап беріп, халыққа кеңес береміз», – деді ЖҚО жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Әділет Жаңабаев.