Алматы полициясы үндеу жасады

10.02.2021 03:01

Жол ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіздік кепілі

sputnik.kz

Жауын-шашыннанкейінгі қардың салдарынан ауа-райының айтарлықтай нашарлауына байланысты Алматы полициясы жол-көлік қозғалысына қатысушыларды өте мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл, әсіресе, автокөлік жүргізушілеріне қатысты.

Осындай қиын уақытта жолдағы тәртіпті жақсарту, мұқият, сақ болу және бір-біріне құрмет көрсету өте маңызды.  Жол ережелерін қатаң сақтау  – қауіпсіздік кепілі.

Сондай-ақ ПД қалалық коммуналдық қызметтерге көмек көрсету үшін қосымша патрульдік полицияның жіберілгенін атап өтті.