«Аяғы жоқ әйелді жылатқан»: Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы сөгіс алды

«Аяғы жоқ әйелді жылатқан»: Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы сөгіс алды
Оқиғаның мән-жайын анықтау нәтижесінде дәрігер-терапевт, фельдшер және аэровокзал кешенінің әкімшісі қызметтерінен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақында мүгедек әйел арызданған Нұр-Сұлтан әуежайында қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде кінәлілер табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада жолаушы әйелдің медициналық пункте тиісті қызмет ала алмағаны, сондай-ақ, әуежайда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағаны туралы жазбадан кейін қызметтік тексеріс жүргізілгені айтылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау нәтижесінде дәрігер-терапевт, фельдшер және аэровокзал кешенінің әкімшісі қызметтерінен босатылды.

Бұдан басқа, «Астана халықаралық әуежайы» басқармасының төрағасы, аэровокзал кешенінің менеджері және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету агенті сөгіс, ал басқарма төрағасының жетекшілік ететін орынбасары және тағы бір мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету агенті қатаң сөгіс алды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланып, қызметтен төмендетілді.

Айта кетейік, 3 шілде күні бос орын болмағандықтан Нұр-Сұлтан әуежайындағы медициналық пунктте қызмет ала алмаған қазақстандық әйел туралы белгілі болды.

Новости партнеров