Яғни, бір сөзбен айтқанда сол үйде тұратын тұрғындардың одағы басқарады. Сондай-ақ, бір бірлестік жалғыз үйге ғана қызмет көрсетеді. Бұл Тұрғын үй қатынастары туралы заңға енген өзгерістер аясында орын алып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осы тұста пәтер иелері кооперативіннің өкілдері тәжірибелі мамандарымыз жұмыссыз қалмай ма деп алаңдаулы. Себебі, қазіргі таңда бір ғана Алматының өзінде 900-ге тарта пәтер иелері кооперативі бар.
«Көбісі жұмыссыз қалатын түрі бар сияқты. Өйткені біз басқарушы компания болсақ, біз қанша үй аламыз. Ол белгісіз. Өйткені ОСИ бізбен жұмыс істейміз десе, біз қазіргі үйлерімізді түгел қалдырсақ, біздің жұмысшыларымыз түгел қалады. Біздің тұрғындар басқа компанияны таңдап өздері ашып кетіп қалатын болса, сол кезде бірнеше адам жұмыссыз қалады деймін», - деді «Кәусар өмір» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Сәлима БЕКИЕВА.
Ауыс-түйістің барлығы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Осыған орай, өзгерген заң жобасын түсіндіру бойынша конференция өтті. Онда Алматы мен республиканың барлық аумағынан пәтер иелері кооперативінің өкілдері қатысты. Басты тақырып, тұрғын үйлерді басқару жүйесін қалай мүліктің меншік иелерінің бірлестігіне көшіруге болады. Және пәтер иелері кооперативінде қызмет ететін тәжірибелі мамандарына балама жұмыс көздерін қарастыру.
«Біздің беріп жатқан ұсыныстарымыз ПИК басқарған адамдар осы жұмыстан қашпай, өздерінің сервистік компаниясын ашып, тұрғындармен бірлесіп, кооператив жасап тұрғындарға қайтадан қызмет жасауға шақырамыз», - деді қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Қазыбек ШАЙХ.