Шараға АҚШ елшілігінен, Британ кеңесінен, француз альянсының өкілдері қатысты
Еліміздің білім беру стратегиясын дамыту мақсатында халықаралық конференция өтті. «Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу: қазіргі жағдайы және болашағы» атты шараға АҚШ елшілігінен, Британ Кеңесінен, француз альянсының өкілдері және мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагог қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Конференция барысында тіл мәселесіне қатысты бірнеше мәселелер талқыланып, оны дамытудың озық тәжірибелері ортаға салынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша шараның басты мақсаты - Алматы қаласы бойынша педагогтардың өз пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша біліктіліктерін арттыру.
«Ең негізгі инновациялық әдіс-тәсілдерді үйрету. Сонымен қатар әрбір мектепте оқушылар өзінің ана тілін білу керек. Осы мәселелерді қарастыру. Оның үстіне осы жолғы конференцияға жаңалық енгіздік. Ол мектепке дейінгі білім беру, сонымен қатар бастауыш сыныптарды да қостық. Бүгінгі күнде мемлекеттік тілді оқытуға ерекше назар аударылып отыр. Сондықтан бүгінгі бесінші секцияда жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың мәселелері қарастырылады», - деді ұйымдастырушы Әлия АРЗИЕВА.