«Әке-ана, сіздерді жақсы көремін»: Әскери қызметкердің жарылыс кезіндегі видеосы жұрттың жүрегін ауыртты (видео)

25.06.2019 04:00

Желіде қазақстандық әскери қызметкердің видеосы тарады. Видеожазбада ол ата-анасына жақсы көретінін айтуда. Ал кадр сыртында жарылыстың дыбысы естіледі, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде тараған видеодан жарылыстың дыбысы естіледі. Әскери қызметкер эмоциясын жасыра алмай, тынысы жиілейді.

«Егер тірі қалмасам, әке-ана, мен сіздерді жақсы көремін», – дейді әскери киім киген жігіт видеода.

Видеода ол жарылыс орындарынан шығып жатқан түтінді көрсетті.

Оның жанынан өзге де әскери қызметкерлер байқалады.