Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы тұрғындар сұрағына жауап береді

10.09.2019 22:05
Фото Sputnik Казахстан

10 қыркүйек, сейсенбі сағат 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов тұрғындар сұрағына жауап береді.

Сіздер сұрақтарыңызды WhatsApp 8 777 046 33 33 нөмірге жіберсеңіздер болады, сондай-ақ  Almaty TV телеарнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook-тегі парақшаларға комментарий қалдыруларыңызға да болады.

Тікелей эфир кезінде көрермендер студияға қоңырау шалып, қонаққа сұрақ қоя алады.

Бағдарламаның тікелей эфирін сондай-ақ сайт телеарнаның almaty.tv сайтының, Facebook, YouTube желісіндегі парақшаларынан көре аласыздар.