Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің өкілдері адам саудасы деректерін анықтау, болдырмау және алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейд барысында түнгі уақытта облыс орталығының көшелері, сауықтыру орталықтары, қонақ үйлер, сондай-ақ ойын-сауық орындары тексерілді, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
«Іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының көшелерінде және сауықтыру орталықтарында жезөкшелікпен айналысқан 20 азаматша анықталды. Олардың барлығы дактилоскопиялық сараптамадан өткізіліп, есепке алынды. Сонымен қатар, қыздармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізілді»,-делінген ведомства хабарламасында.