|
09.07.2020 | 22:09
2953

Қазақстанда егін ору науқанына дайындық басталды

Республикада барлығы 22,5 млн гектар егін егілді

Қазақстанда егін ору науқанына дайындық басталды Фото: otyrar.kz

Қазақстанда егін ору науқанына дайындық басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша, 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстары өз уақытында жүргізілді. Короновирустық пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, фермерлер жеңілдетілген жанар-жағармаймен, сапалы тұқым, тыңайтқыштар және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Республикада  барлығы 22,5 млн гектар егін егілді.

«Бүгінгі күні егіннің жағдайы облыстардың деректеріне сәйкес дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егістігінің жай-күйі 48% алқапта жақсы, 49% қанағатты және 3% нашар деп бағалануда. Бұл ретте егіннің жағдайы ауа райына байланысты.  2020 жылғы егін жинау туралы айтатын болсақ, елдің оңтүстік өңірлері жаңа егін жинауға кірісті. Мәселен, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде, 93 мың га бидай және 26 мың га арпа орылды. Орташа өнімділігі – 17,0 ц/га», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Ал, «ҚазАгро» холдингінің хабарлауынша, биылғы 6 айда агроөнеркәсіптік кешенді несиелеуге 211 миллиард теңге бөлінген. Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 82 млрд. теңге, ауылшаруашылық техникаларын жаңартуға 48 млрд.теңге қарастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир