Марфуға Айтхожина Абайдың төте жазумен шыққан кітабын көрсетті

16.01.2020 03:15

Марфуға апамызға құнды жинақты әкесі Ғали тарту еткен екен

Ұлы ақынның шығармаларының толық жинағы жарияланған баспа 1951 жылы Алматыда шығарылған. Марфуға апамызға құнды жинақты әкесі Ғали тарту еткен екен. Ақын қыздың тұлғалық қалыптасуында дәл осы кітаптың рөлі зор болған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сонда әкем мені тізесіне алып отырып, осы Абай атаңның, ұлы Абайдың қай өлеңін оқып бересің, мына жиналып отырған кісілерге деп сөйтіп Абайдың өлеңдерін маған жатқа оқытатын. Кітабын өзім басыма жастанып жатып оқып өскен адам едім деп, Абай - менің рухани ұстазым деп осы. Сондықтан мен бұл кісіге өте көп өлең арнадым», - дейді ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Марфуға АЙТХОЖИНА.


Теги: кітап