ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына сұхбат берді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбаты соңында "Қазақстан халқына, көрермендерге, жұртшылыққа не айтасыз?" деген сауал қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Расында, бүгін жақсы, мазмұнды сұхбат болды деп ойлаймын. Халыққа айтарым, бұл дүниеде қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз. Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, ол – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Отанын қорғау, халқының амандығын сақтау – әр азаматтың борышы. Осыны ұмытпауымыз керек. Қазақ елі жасай берсін!» - деді Мемлекет басшысы.