Экспозицияның бір бөлігі мультимедиялық форматта ұсынылған
«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны». Алматыда 50-ден астам мұрағаттық құжаттар мен хаттар көрініс тапқан көрме өтті, деп хабарлайды
Экспозицияның бір бөлігі мультимедиялық форматта ұсынылған. Белгілі қоғам қайраткерлері бой көрсеткен аталмыш іс-шарада болашақтың жарқын мұраттарын бейнелейтін құндылықтар сөз болды.
«Егеменді елдің нышаны осы өзіміздің ұлттық мемлекеттік рәміздер. Сол рәміздер қазақтың менталитетін, патриотизмдік рухта жастарды тәрбиелеу – бұл бүгінгі біздердің басты мақсатымыз», – деді Музейлер бірлестігі директорының орынбасары Қайрат Тарбаев.