Шараны белгілі тұлғалар да қолдап, қастерлі рәмізіміздің қадір-қасиетін ұлықтап жатыр
Нұр-Сұлтанда биік ғимараттың бірінен Мемлекеттік ту көрсетілді. «Мен Туымды мақтан етемін» акциясы аясында елордада Қазақстан темір жолы ғимаратынан Мемлекеттік ту көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мемлекеттік ту аясындағы суреттерін белсенді жариялап, ерекше акция бастады. «Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен суреттерін жариялауда. Шараны белгілі тұлғалар да қолдап, қастерлі рәмізіміздің қадір-қасиетін ұлықтап жатыр. Бұл қазақстандықтардың жүрегінде патриоттық сезімді кернеп, басты құндылығымызға деген құрметті артырары сөзсіз.