Айта кетейік, Түрксіб ауданында үш жылға арналған шеберлік жоспары әзірленеді
Есте болса, осыған дейін қалада жетеуі жөнделген еді. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров мәлімдеді. Оның сөзінше, екі сауда орталығы бойынша жұмыстар басталып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Одан бөлек, есеп беру кезінде аудан басшысы өнеркәсіп, қоғамдық көлік, абаттандыру, білім және денсаулық салаларына ерекше тоқталып өтті. Жиын барысында сондай-ақ, былтырғы жетістіктер жіпке тізіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.
«Базарларды қайта жаңғыртудан өткізу біріншіден көлеңкелі экономикадан шығаруға септеседі. Оған қоса, саудагерлер мен келушілерге жайлы жағдай жасалады. Бүгінгі таңда, Алматыда 10 базар бар. Оның алтауы жөндеуден өтсе, екеуін жаңалауды өткен жылы бастадық. Жыл соңына дейін екеуінде құрылыс жұмыстары аяқталады. Сонда төрт базарымыз замануи талаптарға сай келетін болады», – деді Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан АҚЖАРОВ.
Айта кетейік, Түрксіб ауданында да үш жылға арналған шеберлік жоспары әзірленеді. Ол инвестициялық тартымдылықты арттырып, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Әзірге құжат толық дайын емес. Көктемде халықтың пікірі ескеріліп, қабылданатын болады.