Отырыста ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауы төңірегінде әңгіме өрбіді
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отырыста ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауы төңірегінде әңгіме өрбіді. Одан өзге, жиынға қатысушылар қоғамдық бақылауды заңнамалық бекіту мәселелері аясында пікір алмасты. Министр болашақ заң жобасы қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру мақсатын көздейтінін ерекше атап өтті.
«Қоғамдық бақылау. Қазір Парламент жаңа заң қарастыруда. Бұл Президенттің жолдауына байланысты қоғамның мемлекеттің қабылдаған шешімдеріне қоғамның қатысуы. Сондықтан бұл үлкен жетістік деп ойлаймын», – деді қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Жазылбеков.