Ақтау қаласының ХҚКО-на жылан келді (ВИДЕО)

15.06.2019 03:25

Бауырымен жорғалаушыны мекеме қызметкері бөтелкеге салып, теңізге апарып тастады

Ақтау қаласында ХҚКО-дың бірінде «шақырылмаған қонақ» адамдардың зәресін ұшырды, деп хабарлайды Lada.kz.

Мекеме қызметкері жыланды қорықпай ұстап, пластикалық бөтелкеге салып, оны теңізге  жіберді.

Айта кетейік, биыл Ақтауды жылан басып қалды. Мамыр айында бауырымен жорғалаушылар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп кеткен болатын.

Теги: жылан