Дезинфекция жүргізіліп, жұмысшыларға жеке гигиеналық заттар таратылған
Алматыда автокөлік жуу орындары жұмысына қайта кірісті. Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, тазалыққа жауапты мамандар және жергілікті полицейлерден құралған арнайы топ қызметін қайта бастаған мекемелердің біріне бас сұқты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталғаны, көлік жуу орнында санитарлық талаптардың барлығы сақталған. Дезинфекция жүргізіліп, жұмысшыларға жеке гигиеналық заттар таратылған. Жұмыс тобының мүшелері мұндай тексерісті тоқтатпай жүргізетіндерін айтады.
«Қазіргі таңда біз орта және шағын бизнесті тексеріп жатырмыз. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, санитарлық нормаға келген жағдайда, біз актілерін қолдарына береміз», – деді Бостандық ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Талғат ҚҰРМАНБЕКОВ.