Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қатарында режиссер Талғат Теменовтің ұлы да болған

28.12.2019 03:25

Айбар Теменов көрерменге «Үш ағайынды» фильмі арқылы жақсы таныс

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылардың ішінде белгілі кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің ұлы Айбар да болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Айбар Теменов көрерменге «Үш ағайынды» фильмі арқылы жақсы таныс. Актер өзге де зардап шеккен жолаушылармен бірге №4 қалалық клиникалық аурханасына жеткізілген.

«Таңертеңнен бері осында жүрміз. Медициналық мамандарға еш өкпеміз жоқ, олар қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Баламыз Айбардың тірі екені жанымызға медеу болып тұр», - деді А. Теменовтің туысы, журналист Марат ТОҚАШБАЕВ.