Биыл Алакөлдегі демалыс орындары Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді

30.05.2021 03:26

Демалушылардан індетке байланысты тест талап етілмейді

egov.kz

Алакөлдің Алматы облысындағы жағалауында туристерден ПТР тест талап етілмейді. Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Былтыр біз өте маңызды шешім қабылдадық. Туристерден коронавирусқа байланысты ПТР тест талап еткен жоқпыз. Өзім айта аламын, Алакөлдің қасиетті суы адамдардың денсаулығына өте пайдалы. Биыл да демалушылардан індетке байланысты тест талап етілмейді. Демалыс орындары Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді. Ол өте ыңғайлы», – деді Амандық Баталов.