Алматылық кәсіпкерлер қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа алғыс білдірді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
20 сәуірде мегаполисте 31 кәсіпорын жұмыс істей бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық кәсіпкерлер қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өндіріс орындарының қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салайық, 20 сәуірде мегаполисте 31 кәсіпорын жұмыс істей бастады. Жарияланған тізімде өндіріс және құрылыс нысандары, сондай-ақ заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Толық тізімді қаланың almaty.gov.kz ресми сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер белгіленген санитарлық нормаларды қатаң сақтайтынын атап өтті. Барлық ашылған мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау департаментінің мамандары, сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелері жұмыс жүргізеді.


Новости партнеров