Орталықта жыл сайын шамамен 8 500 ана босанады
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жас босанған ана ауыр халде жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында орталықтың директоры Ғани Бодықов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталықта коронавирус белгілері бар емделушілерге арнайы инфекциялық-диспансерлік бөлім жасалған. Ол жеке қабылдау бөлімшесі бар бөлек екі қабатты ғимаратта орналасқан. Пандемия мен қауіптің жоғарылауына қарамастан, Орталық Алматының барлық аймақтарындағы жүкті, босанған және ерте босану қаупі жоғары әйелдерге жоғары білікті көмек көрсетіп келеді.
«Жүкті әйелдерде пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеудің қиындығы, жүктілік ауыр акушерлік патология аясында өршіп кететіндігінде, сонымен қатар жұқпалы аурудың ұрыққа жұқтырудың өте жоғары екенін есте ұстау керек. Бүгінде босанғаннан кейінгі бір ана орталықтың жансақтау бөлімінде екі жақты пневмониямен қоса преэклампсияның ауыр дәрежесімен жатыр. Қазір жағдайы тұрақты, өздігінен тыныс алуда», – деді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.
Орталықта жыл сайын шамамен 8 500 ана босанады, оның 12 пайызы мерзімінен ерте босанғандар. Бұл – Алматы қаласы бойынша шала туған балалардың үштен бір бөлігі. Айта кетейік, соңғы 2 аптада бөлімде 41 сырқат емделді, 16 ана босанды, оның ішінде 9 нәресте кесар тілігі арқылы дүниеге келді. Жалпы 33 науқас толық жазылып шықты.