Алматыда Герольд Бельгер шығармаларына иллюстрация жасауға байқау жарияланды

Алматыда Герольд Бельгер шығармаларына иллюстрация жасауға байқау жарияланды
Қазірдің өзінде орталыққа 69 жұмыс келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Almaty Tutoring» балаларды дамыту орталығы әр түрлі жазушылардың шығармаларына иллюстрация жасау бойынша республикалық байқау жариялады. Тұңғыш рет өткізіліп отырған конкурс 5- 11 сынып аралығындағы балаларға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған сайыс елімізде бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан этностардың достығын дәріптеген Герольд Бельгердің шығармаларына қатысты өтпек. Байқауға жазушының «Волк, Чапа және басқалар» кітабына енген әңгімелерінің кез-келген эпизодына жасалған иллюстрация қабылданады. Қазірдің өзінде орталыққа 69 жұмыс келіп түскен.

«Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – балалаларды  кітап оқуға тарту. Жалпы қатысушылардың қызығушылығы жоғары. Нұр-Сұлтан, Екібастұз қалаларынан хабарласып конкурс жайлы сұрап жатыр. Тамаша жұмыстар жіберуде. Газет-журнал редакторлары мен ұстаздар қауымы, көркем суретшілер енген қазылар алқасы бірінші кезекте жұмыстың бірегейлігіне назар аударады. Себебі, баланың талантын ашу, қиялын дамыту қажет. Әр композицияны мұқият ойласытыруына, түстерді пайдалануына, форматына мән береді. Сол арқылы балғындардың шығармашылық потенциалын көтеру. Өзім суретші ретінде бұл жұмыстарға жоғары баға беремін», - деді бейнелеу өнерінің ұстазы, дизайнер-декоратор Ажар ТӨЛЕУБАЙ.

Одан бөлек, еліміздің орталық мұражайында 4-16 наурыз аралығында осы байқауға қатысушылардың жұмыстары қойылған көрме өтпек. Оған дамыту орталығының балалары қатыспақ. Байқау қорытындысы 15 ақпаннан кейін белгілі болады. Ең үздік деп танылған жұмыстар Бельгердің әңгімелер жинағына енеді.

Новости партнеров