Еліміздің 18 өңірінде қазақ тілінде пікір алмасу клубтары ашылады

Еліміздің 18 өңірінде қазақ тілінде пікір алмасу клубтары ашылады
Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық дөңгелек үстелінде айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақын арада еліміздің 18 өңірінде қазақ тілінде пікір алмасу «Мәміле» клубтары ашылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық дөңгелек үстелінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы басқа да мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Бұл – «Мың бала» жобасы, этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған тілдік мектеп және «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы. 

«Еліміздің 18 өңірінде «Мәміле» клубтары ашылды. Осы клубтардың ішінде өзге ұлт өкілдері, қазақ балалары да, өзінің қазақ тілінің деңгейін көтеруіне болады. Әр өңірлерде біздің жексенбілік мектептердің жанындағы қазақ тілі курстары бар. «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өз жұмысын жалғастырады. Осы форумға қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері қатыса алады», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Элина Паули.

Ассамблеяның дөңгелек үстелі Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және іске асыру бойынша өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, барлық мәдени бірлестіктердің өкілдері жолдауда айтылған міндеттерді орындау ісіне белсенді ат салысуға сақадай сай. 

«Басты мақсат бүгін жолдаудың негізгі басымдықтарын, қағидаттарын талқылау. Оның ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясаты, оның ішіндегі халық бірлігі, ұлтаралық келісім мәселелерін талқылау. Бәрімізге мәлім оған Мемлекет басшысы үлкен тарау арнап, көп мәселелер көтерді. Оның ішінде әлбетте жасөспірімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік тілді дамыту, ортақ құндылықтарды әрмен қарай дәріптеу болып табылады», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхан.

Новости партнеров