Олар 70 млн теңгеге жол талғамайтын автокөлік сатып алған
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі облыстық қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары тарапынан бюджет ақшасын ұрлау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол өзінің әйелімен бірге астыртын келісіммен бюджеттен 83 млн теңге жымқырған, жер телімдерін шығару үшін құрылыс жобалары туралы жалған келісімшартарға қол қойған. Олар 70 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, оның бір бөлігіне аса қымбат жол талғамайтын автокөлік сатып алған», – делінеді хабарламада.