Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлардың жалақысын көтеруді сұрады

elements.envato.com
elements.envato.com
Мәселен, соңғы екі жылда қызметкерлердің 40 пайызы жұмысын тастаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлардың жалақысын көтеруді сұрады. Айтуынша, бәсекеге қабілетсіз еңбекақы сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік аудиторлардың құқық қорғау органдарының тергеу шараларына тартылатын жоғары жауапкершілігінің де ықпалын атап өтті. Осыған байланысты бүгінде білікті кадрлардың жұмыстан кету тенденциясы орын алуда. Мәселен, соңғы екі жылда қызметкерлердің 40 пайызы жұмысын тастаған.

«Биылдан бастап Есеп комитеті мемлекеттік аудиторларының еңбекақысы 70 пайызға өсті. Органға қарамастан барлық аудиторларға бірыңғай талаптар бекітілгенін ескере отырып, барлық аудиторлардың еңбекақысын тиісті деңгейде көтеру мәселесін шешу керек деп ойлаймыз», - деді ҚР ҚАРЖЫ министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Новости партнеров