Еуропа елдерінің лауазымды тұлғалары Нұрсұлтан Назарбаев жайлы естеліктерін бөлісті

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президентін әлем саясаткерлері туған күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін хаттармен де, видеомен де жіберіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президентін әлем саясаткерлері туған күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін хаттармен де, видеомен де жіберіп жатыр. Еуропа елдерінің лауазымды тұлғалары Нұрсұлтан Назарбаев туралы естеліктерін бөлісті. Олар Елбасын Қазақстанды жаһан жұртына танытып, өз елін әлемдік аренаға көтерген тұлға ретінде көретінін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Нұрсұлтан Назарбаев – ерекше жаратылған жан. Өмірбаянын оқығанда қатты таң қалдым, қарапайым металургтан Қазақстанның Тұңғыш президенті болды. Мен алғаш Қазақстанға сол 90-жылдардың басында бардым. Кеңес Одағының құрамынан шыққан кездегі елдің жағдайы ауыр болатын. 

Жұпыны ғимараттар, инфрақұрылым дами қоймаған кез еді. Алматыда жарық бір жанып, бір сөніп тұратын. Елдің Тұңғыш президенті бас-аяғы бірнеше жылда Қазақстанды адам танымастай өзгертіп, жаһан танитындай, алпауыт елдер санасатындай дәрежеге жеткізді. Н. Назарбаевты көпшілік бейбітшілікті сүйетін тұлға ретінде таныды. Оның алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартуы, көпұлтты халықтың әрқайсынының құқығы мен бостандығын сақтай отырып, олардың өз мәдениетін дамытуына жағдай жасауы-жоғарғы бағаға лайық», – деді Қазақстанның Бельгиядағы құрметті консулы, кәсіпкер Джон Ступ.

«Мен Н. Назарбаевпен кездескен, сұхбаттасқан сайын ерекше ләззат алатынмын. Өйткені  ол кісі ұлы Президент және тарихта да кемеңгер тұлға, көрегенді басшы ретінде қалары сөзсіз. Ол Қазақстанға қос алып держава Ресей, Қытаймен тату көрші бола отырып, Еуропамен де байланысты нығайту, жалпы халықаралық қатынастарды дамыту қажет болды. Кемеңгер басшының салиқалы саясатының нәтижесінде, діттеген мақсатқа қол жетті. 

Яғни, сол кезде бастау алған Еуропалық Одақпен ынтымақтастық қазір беки түсті. Өткен 20 жыл ішінде Қазақстан аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды, сыртқы саясатты ұтымды жүргізудің арқасында қазақ елінің әлемдік аренада абыройы асқақтады. Елдің даму қарқынына тамсанасың. Мен  Қазақстанның осындай дәрежеге жеткеніне, Конституцияның әлі күнге ел, халық игілігі үшін қолданылып келе жатқанына қуаныштымын», – деді Францияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, конституциялық кеңесінің экс-төрағасы Ролан Дюма.

Новости партнеров