Күйдің аты – «Тоқай-тағдыр»
Боз далада қалың қазақты ботадай боздатып, нақақтарды аяусыз атып, түрлі лагерьге айдаған сол бір зұлмат жылдар ешкімнің есінен ешқашан өшпейтіні белгілі. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге талай ескерткіш тұрғызылса да, жұрт жадындағы мұң сейілмейді. Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтай осы зобалаңда зар илеген ана мен әкенің қайғы-мұңын, қыршыннан қиылған боздақтардың тағдырын домбыраға арқау етіп, күй арнады. Күйдің аты – «Тоқай-тағдыр». Бұл туындыны естіген атыраулық ақын Таңатар Дәрелұлы қоңыр күйді жанымен сезініп, оның оқиға желісіне жоқтау өлең жазған.
Жаңа көрген жандаймын таңды мына,
Тасыттың-ау тебірентіп қанды құмар.
Құрбандардың рухына күймен тағзым,
Бұл аштыққа арналған мәңгі мұра.