Идеялары құнды, бағдарламалар жасауға да икемді - Б. Сағынтаев

27.02.2020 03:41

ИТ-кеңесінің бірінші отырысында ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту және қолдау мәселелері талқыланған

Бүгін Алматы қаласын цифрландыруды жеделдету үшін арнайы құрылған ИТ-кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ИТ-кеңесінің бірінші отырысында  ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту және қолдау мәселелерін талқылаған.

"Бағдарламалау мектептері мен технопарктерді дамыту бойынша ұсыныс бере алатын дарынды балалар көп. Идеялары құнды, бағдарламалар жасауға да икемді.

Біздің міндетіміз — олардың әлеуетін ашу. Өнімдері мен қызметтерін нарыққа, тіптен экспорттық нарыққа шығаруға көмектесу. Бірлесіп атқаратын шаралардың Жол картасын әзірлейміз деп келістік", - деп жазады Бақытжан Сағынтаев.