Кешкі 17:00-дегі жағдай бойынша қалада 1,5-2 см, таулы аудандарда 5-6 см-ге дейін қар түсті
Бүгін Алматыда таңғы 10:30-нан бастап қар жауды. Сағат кешкі 17:00-дегі жағдай бойынша қалада 1,5-2 см, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда 5-6 см-ге дейін қар түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта автомобиль жолдарына тайғаққа қарсы материалдар себу, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 531 арнайы техника, оның ішінде 192 құм шашқыш және 1531 жұмысшы жұмылдырылды.
Түнгі уақытта 438 бірлік техника (182 құм шашқыш) және 274 жол жұмысшылары шығады. Қажет болған жағдайда жол полициясының патрульдік машиналары ілесе жүріп, жол бөліктерінен өтіп бара жатқан колонналармен қар күреледі.