Алматыда жаңа индустриалды жоба өз жұмысын бастады

05.07.2020 03:43

Жобаға жалпы 420 млн теңге бөлінген

inbusiness.kz

Алматыда жаңа индустриалды жоба өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. DoorHan компаниясының бастамасымен қолға алынған жоба аясында металл өңдеу және дайын металл бұйымдарын сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы қақпалы және роллеттік жүйелер, блок-контейнерлер, тұрмыстық, техникалық және өртке қарсы есіктерді шығаратын өндірістік-қойма салынады. Жоба экологиялық қауіпсіз әрі энергия үнемдей отырып жұмыс істейді. Бастама шеңберінде өндірісті ұлғайту әрі қолда бар қуаттарды барынша пайдалану жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Қазақстанда өндірілетін өнімдер бойынша импорт алмасудың деңгейін арттырмақ. Жоспар бойынша дүниежүзілік нарықта қақпа өндірісін екі есеге яғни 30 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жобаға жалпы 420 млн теңге бөлінген.

«Халықаралық DoorHan компаниясының бастамасы мен Алматы әкімдігі және индустриалды аймақ қолдауымен инвестициялық жоба қолға алынды. Енді қоршау конструкциялары мен инженериялық жүйелерін өндіру бойынша зауыт құрылысы басталады. Компания ассортименті өнімнің 200 түрін шығаруды жоспарлап отыр» – деді  Компания директоры Роман Радаев