Тараздық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

19.11.2019 03:44

Ол АӘК алуға жәрдемдескені үшін 199 мың 500 теңге көлемінде пара алған

Тағы бір шенеунік жемқорлық әрекетін жасады деп айыпталуда. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ол азаматтан атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 мың 500 теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық қамау қолданылмаған. Күдіктінің кінәсін сот анықтайтын болады.

Теги: шенеунік