|
23.01.2020 | 22:45
1675

Еліміздің Бас санитары қазақстандықтардан дерттің беті қайтпайынша Қытайға бармай тұра тұруды өтінді

Себебі коронавирустың адамнан адамға оп-оңай жұғуы мүмін екені анықталды

Еліміздің Бас санитары қазақстандықтардан дерттің беті қайтпайынша Қытайға бармай тұра тұруды өтінді

Бұл туралы бүгін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін дәрігерлер қаупіті дерттің экзотикалық жануарлар мен көкөністер арқылы таралатыны туралы хабардар еткен болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытай Халық Республикасында қазір коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 571 жағдайы тіркеліп, 17 адам көз жұмған. Қытай эпидемиологтарының ақпаратына сәйкес, бұл инфекция Ухан қаласында Хуанань теңіз өнімдерінің көтерме сауда базарларында көптеп таралуда.

«Көбінесе аурулар базармен байланысты. Ол жерде біреу – сатушы, енді бірі – өндіруші, базарға барғандар да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын бұл инфекция адамнан адамға жұқпайтынын деп айтса, қазіргі уақытта адамнан адамға жұққан жағдайлар бар деп мәлімдеуде. Неге десеңіз, вирус биік концентратты болған кезде адамнан адамға жұғады», - деді ҚР ДМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек БЕКШИН.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин бұл инфекцияның пайда болу және таралу жолдары нақты дәлелденбегенін атап өтті. Қытайда өршіп тұрған дерт Қазақстанда тіркелмеген. Оған тосқауыл қою үшін еліміздің әуежайларында карантин пункттері ашылған. Ухан қаласынан Қазақстанға тікелей рейс жоқ. Дегенмен, Алматыдан Қытай Халық Республикасына - 5 рейс, Нұр-Сұлтан қаласынан 3 рейс бар. Оларға қатысты шекаралық бекеттерде бақылау күшейтілді. Одан бөлек, Қазақстанның коронавирусты зертханада анықтауға қажетті праймерлерді сатып алуға кіріскені де белгілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда 7 миллион тұрғыны бар Ухан қаласы карантинге жабылған.

«Қаладан шығуға да, кіруге де болмайды. Бұл - өте жақсы шешім. Өз тарапымыздан қазақстандықтарға түсініктеме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халықтардың арасында және жолаушылардың арасында. Ең біріншіден, көбінесе қазір әуе жолымен Қытайға бара жатқандарға. Барлық біздің халықаралық әуежайларда біз қашықтық термометрия енгіздік. Қытайдан келе жатқан жолаушылар сол термометриядан өтеді.  Қазіргі таңда 13 мыңнан астам жолаушы термометриядан өтті», - деді ҚР ДМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек БЕКШИН.

Еліміздің бас санитары қазақстандықтарға мүмкін болса, Қытайға бармауға кеңес берді. Ал, егер жолаушылардың дене қызуы көтерілсе, жөтелсе, ентігіп, бойын әлсіздік билесе бірден дәрігерге жүгіну қажет.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир