Алматыда оқушылар Жамбыл өлеңдерін жатқа айтып, поэзиялық флешмоб ұйымдастырды

Алматыда оқушылар Жамбыл өлеңдерін жатқа айтып, поэзиялық флешмоб ұйымдастырды
Ғасыр алыбы Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығын ресми мерекелеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғасыр алыбы Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығын ресми мерекелеу басталды. Алматыда Ақынның баға жетпес мұрасын жалғастырып келе жатқан «ДАРА ОҚЫРМАН» клубының балалары Жамбыл ескерткішінің алдында гүл шоқтарын қойып, жыршының өлеңдерін жатқа айтып, поэзиялық флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ХХ ғасырдың Гомері атанған, Қазақ поэзиясының көп ғасырлық тарихындағы жырау, суырыпсалма өнерінің классигі Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы кеңінен сөз етілді.

«Жалпы енді Жамбыл атамыздың тойы тек қана осы біздің Қазақстанның деңгейінде  ғана емес, [алықаралық деңгейде өткізілмекші. Бұл ретте Жамбыл бабамыздың жүріп өткен жолы бойынша ғылыми, мәдени экспедиция жұмыс істемекші», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Новости партнеров