Су маңында балалардың ата-ана қарауынсыз серуендеуіне қатаң тыйым салынған
Алатау ауданы тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелері жазылған 6 мыңнан аса бүктеме қағазы таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Акция аясында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі республикалық жедел құтқару қызметі мамандарынан құралған бригада көл маңдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Биыл ауданда судағы өлім-жітім бойынша бірде-бір факт тіркелмеген. Әйтсе де су маңында балалардың ата-ана қарауынсыз серуендеуіне қатаң тыйым салынған. Өкінішке қарай, бұл шектеуге тұрғындар бейжай қарауда дейді тәртіп сақшылары.
«Тұрғындарға балаларды өздігінше көл маңына жібермеу туралы бірнеше рет ескертілді. Қазір осы мәселе бойынша тіркелген фактілер жиілеп кетті. Бүлдіршіндердің ата-аналары көбіне жұмыста немесе балалар үлкендерге ескертпей, қауіпті аймақта ойнап жүретін жайғдайлар да кездеседі», – деді Алатау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Айдын Ысқақов.