Коллекторлар жиі мазаласа кімге шағымдану керек?

Бей-берекет түнгі уақытта борышкердің телефон нөміріне қоңырау шалуға компанияның ешқандай құқы жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коллекторлық компаниялардың үстінен соңғы уақытта шағым көп түсе бастаған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Ұлттық банк екінші деңгейлі қаржы институтында берешегі барларға мынадай кеңес айтуда:

Әуелі, банктер талап ету құқығын банктік қарыз шарты бойынша 90 күннен астам, ал жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша 180 күннен астам төлемнің мерзімін өткізу болған кезде беруге құқылы. Ал, бей-берекет түнгі уақытта борышкердің телефон нөміріне қоңырау шалуға компанияның ешқандай құқы жоқ. Нақтырақ айтсақ, жұмыс күндері сағат таңғы 8.00-ден кешкі 21.00-ге дейінгі кезеңде 3 реттен артық хабарласуға болмайды. Сондай-ақ, коллекторлық агенттік тұтынушыны бопсалауға, тіл тигізуге, қауіп төндіруге, жалпы қорқытып үркітуге құқысы жоқ. Егер коллекторлық агенттіктер Сіздің құқықтарыңызды бұзса Ұлттық банкке немесе оның аумақтық филиалдарына шағым қалдыра аласыз.

Новости партнеров