Солтүстік Қазақстан облысында 250-ден астам бос жұмыс орны бар

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда аймақаралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аймақаралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс іздеушілер енді республиканың басқа да қалаларынан жұмыс табу мүмкіндігіне ие. Ертеңге дейін жалғасатын жәрмеңкеде азаматтарды жұмыспен, сондай-ақ жалға алатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де қаралады. «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңестер беріп, жұмысқа орналасуына ықпал етпек. Мәселен, бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында 250-ден астам бос жұмыс орны бар.

«Қазіргі таңда оңтүстік өңірлерден көшіп келген азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысында үйлер соғылып жатыр. Өткен жылы оңтүстіктен келетіндерге арнайы 350-ден астам үй тұрғызылды. Және үкіметтен беріліп жатқан, көшпелілерге арналған көтерме ақыларын беріп, жұмыспен қамтамасыз етіп, өзіміздің бос орындарымызды толтырып жатқан жайымыз бар», – деді  Солтүстік қазақстан облысы Аққайың аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ержігіт ДӘНЕБАЕВ

Новости партнеров