Алматыда жақын арада жер сілкінісі болуы мүмкін бе – маман пікірі

03.11.2020 в 04:02

Түркияда тіркелген жойқын жер сілкінісінен кейін алматылықтарда да қорқыныш туған

Түркияда тіркелген жойқын жер сілкінісінен кейін алматылықтарда да қорқыныш туған. Жұртшылыққа алаңдауға негіз бар ма? Алматыда жақын арада жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Отандық мамандар қандай болжам айтып отыр? Жалпы бізде алдын-ала болжам жасала ма? Дәл қазір  Almaty.tv арнасының тікелей эфирінде сейсмология институы басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мырза тұр.

– Нұрсәрсен Балатайұлы мырза, кеш жарық! Әрине, айтып келмейтін апаттың нақты қашан болатынын ешкім алдын-ала білмейтін шығар? Әлде ғылымда бұл мүмкін бе?

– Түркияда болған жер сілкінісі туралы көзі қарақты, құлағы түрікті телекөрермендер әлеуметтік желі арқылы толық мәлімет алған шығар. Оған тоқтала кетпейін. Ал біздегі болжау мәселесіне келетін болсақ, сейсмология институтының мамандары екі түрлі болжау болжау жасайды. Біреуі орта жер сілкінісінің орта мерзімде болуы, екінші қысқа мерзімде болжау. Орта мерзімде болжауға келетін болсақ, бұл болжау жылына 2 рет жасалады. Жылдың басында жасалып, тиісті органдарға тиісті мекемелерге жіберіліп, сосын жылдың ортасында сол берілген болжам нақтыланып, қайтадан тиесілі мекемелерге жіберіледі. Ол болжауды үстіміздегі жылдың басында жасалған. Ол болжаудың нәтижесінде Алматы сейсмикалық қауіпті өңірінде күшті жер сілкінісі магнитудасы 5,5-тен жоғары күші 7 баллдан жоғары 0,7 ықтималдығы бойынша күтілмейді. Яғни, болмайды. Сондықтан Алматы өңірінде тұратын тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ. Біздің ғалымдар да сол өздерінің тәсілін тәжірибесін арттыру үшін 7 сайын қысқа мерзімді болжау нәтижесін жасап, тиесілі мекемелерге жіберіп отырады.

–  Ал болжам жасауда қандай құрылғыларды қолданасыздар? Заманауи технология дегендей?

–  Енді болжау, әрине, нақты қондырғылар, нақты құралдар арқылы алынған деректердің негізінде жүргізіледі. Ол жағына келетін болсақ, бізде негізгі болжау полигоны бар. Мысалы, атап айтқанда, қондырғылар көбінесе бізде шетелдік қондырғылар болып табылады. Олар әлемдік стандартарға сай келеді. Сол сияқты геофизикалық қондырғылардың кейбірі өзіміздің отандық қондырғылар да, көбі шетелдік қондырғылар. Олар сол стандартқа сай әртүрлі параметрлер өз шамасында, өз мөлшерінде өлшеуге мүмкіндік береді.

–  Жақсы, рахмет. Уақыт бөліп, сейсмоахуал жайлы айтып бергеніңіз үшін алғыс білдіремін.