Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай тұрғындарына есеп берді

Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай тұрғындарына есеп берді
Жауапты шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл жолы жиынды ұзақ баяндамадан бастамай, аудан басшысы атқарылған жұмыстарды қысқа ғана слайдпен көрсетті. Аудан құрылған жылы инвестиция көлемі 7 миллиард теңге болса, 2019 жылы 46 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауданда транспорт мәселесі өзекті екен, жалпы мұнда 19 бағыт бойынша автобустар қатынайды. Биыл қоғамдық көліктердің санын арттыру жоспарда бар. Ал тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы маңызды. Көбіне азаматтардың №36 емхананың қызметіне көңілдері толмайды екен. Сонымен қатар, кәріз жүйесі, қызыл сызықта тұрған үйлердің құжаттары сынды проблемалар көтерілді. Аудан әкімі Санжар Тоғай мәселелердің барлығын білетінін айтып, түртіп алды.    

«Жылдан жылға өзгеріп жатыр ғой. Үлкейтіп, кішкене жасайық десек, рұқсат бермейді. Соған көмектессеңіздер», - деді бір тұрғын.

«Көмектесеміз онда. Қазір жазып алайық», - деді басшылық.

«Жер басқармасының басшысы отыр осында. Қағаздарын жазып ал. Сосын комиссиямен қараңдар», - деді шаһар басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бүгінгі есеп беру кездесуіне 300-ден астам тұрғын жиналған. 40-қа жуық адам 70-тей сұрақ қойды. Шараға арнайы келген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кейбір мәселелерге өзі жауап берді. Оның сөзінше, барлық мәселе бір кездескеннен шешілмейді. Кезең-кезеңімен жүзеге асады деп, екі сағаттан астам уақытқа созылған жиынды түйіндеді.

«Мен үкіметке ұсыныспен шықтым. Бізде Наурызбай ауданында су жоқ халықта. Суды жеткізу үшін судың көзі керек. Судың көзі тауда. Тау ауыл шаруашылық министрлігінің ақарамағындағы ұлттыққ парктің құрамында. Ана жерді кесіп бізге алып беріңдер. Біз сол жерге водозобарды үлкейтеміз. Трубасын көбейтеміз. Оған жоба жасаймыз да ақша сұраймыз. Бұл жұмыс жасалды», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бүгінгі бас қосуда сауалдарын жолдап үлгермегендерді аудан басшысы Санжар Тоғай өзінің жеке қабылдауына шақырды. Кейбірін сол жерде жауаптыларға шешуді тапсырды.  

Новости партнеров