Қазақстанда пара алу түрлері әралуан. Мысалы, жиһаз, бағалы бұйымдар мен әшекейлер, тіпті көлік түрінде алғандар бар. Ол туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Осы жылдың тамыз айында Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Рудный қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол пара ретінде су жаңа Ниссан Кашкай көлігін алды деп күдікке ілінді. Автомобильдің құны - 10 жарым миллион теңге. Кәсіпкерлік субъектісінен газ тарту жұмыстары бойынша келісімшартқа еш кедергісіз қол қойып, жұмыстарды қабылдау үшін осындай пара талап еткен», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аға тергеушісі Данияр БИГАЙДАРОВ.
Ал, Зеренді ауданының әкімі кәсіпкерден 3 бас ірі қара, 2 жылқы және 650 мың теңге ақша алғаны үшін бас бостандығынан айырылған. Көбіне мұндай пара алу түрлері ауылдық, аудандық жерлерде кеңінен тараған. Ал қалалар мен облыс орталығында негізінен ақшамен алады екен. Тіпті кейінгі жылдары сандық технологиялар дамыған сайын пара алу жолдары да өзгерген. Мысалы, банк картасына жіберу, букмекерлік конторалар қызметі арқылы алу, телефонға бірлік толтыру секілді тәсілдері қолданыла бастаған.
«Қарағанды облысында мекеме басшысының кезекші көмекшісі орынбасары букмекерлік контора қызметін пайдалану арқылы қалтасына 200 мың теңге салғаны үшін 12 миллион теңге айыппұл арқалады. Ол жазасын өтеушіден түрмеде жайлы жағдай жасауға уәде беріп, параны осындай жолмен алған», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аға тергеушісі Данияр БИГАЙДАРОВ.
2 жылда 3 мыңнан астам жемқорлық дерек
- Пара алған - 65 %
- Пара берген - 28 %
- 1775 адам сотталған
- 414 адам бас бостандығынан айырылған
- 1086 адамға айыппұл салынған
Айта кетейік, соңғы 2 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам жемқорлық фактілері анықталған. Оның 65 пайызы қызметін асыра пайдаланып пара алғандар болса, 28 пайызын лауазымды тұлғаларға пара бергендер құрайды. Сондай-ақ 2500-ден астам іс сотқа жіберіліп, 1775 адам сотталған. Оның 414-і бас бостандығынан айырылса, 1086 адамға айыппұл салыныпты. Сыбайлас жемқорлық үшін салынған айыппұлдың ең көп көлемі 1,1 млрд теңгені құраған. Ал, бас бостандығынан айыру бойынша ең ұзақ.