|
01.02.2021 | 23:06
1033

Алматыда цифрлық телехабарға көшу 3 ақпанға шегерілді

Осы күні шаһарда аналогтық жүйе арқылы хабар тарату толығымен тоқтатылады

Алматыда цифрлық телехабарға көшу 3 ақпанға шегерілді

Алматыда цифрлық телехабарға көшу 3 ақпанға шегерілді. Осы күні шаһарда аналогтық жүйе арқылы хабар тарату толығымен тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, арна цифрлық жүйеге ауысқаннан кейін алматылықтар "Алматы" телеарнасын 9 каналдан, ал, елордалықтар 17 каналдан, өзге өңірлер 18 каналдан таба алады. Ал, Отау ТВ отандық желісінде 17 каналда.  

«Қазіргі уақытта Алматы тұрғындарына тек қана цифрлық ресивер сатып алу керек және де антенна сатып алу керек. Оның құны бүгінгі күні 4 мың теңгеге дейін. Ал, антенна болса 1,5 мың теңге тұрады. Егер телевизорларыңыз жаңа болатын болса, 2016 жылдан бастап, оның ішінде ресивер енгізілген. Ол үшін тек антенна қажет», – деді «Қазтелерадио» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Қайсар Раздықов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир